Меню KDT

ХАТТАМА № 1

«Жаманшұбар негізгі мектебі»КММ

«Қамқоршылық» кеңесінің отырысы

18.10.2018ж

Қатысқаны – 9

Қатыспағаны-0

Күн тәртібінде:

1. «Қамқоршылық» кеңесінің жыл бойы жүргізілген жұмысының қорытынды есебі. Кеңес төрағасы Габдуллин Манат Амантаевич

2. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету.

3. Мектеп оқушыларының бірыңғай формасының сақталып, қалыптасуына ықпал ету.

Тыңдалды:

Бірінші мәселебойынша қоғамдық кеңес төрағасы Габдуллин М.А. сөз алды: 2017 жылдың қазан айында құрылған «Қамқоршылық» кеңесі өз жұмысын жыл бойы жоспар бойынша өз мәнінде жүргізді.Қамқоршылық кеңесінің мақсаты түсінікті болғандығын атап өтті.Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді мектеп өміріне араластыру, тарту.Сол бойынша жинақталған қаражат есебінің жұмсалған есебін берді.Кеңес мүшелеріне жүргізген жұмыстары үшін өз алғысын білдірді.

Екінші мәселе бойынша Кеңес мүшесі Габдуллин М.А. сөз алды: Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету жөнінде ақпарат берді.Жазғы демалыс жүйесінің маңызы сонда , ол оқушылардың бос уақытын әсерлі, тартымды етіп өткізіп, педагогикалық жағынан мақсатты болуына жағдай жасайды.Оқушылардың денсаулығын нығайтады, жаңашылдыққа ұмтылуға қанаттандырады.Шығармашылық жағынан өзін- өзі танытады, еңбек, таным, өнер, мәдениет, ойын және жеке тұлғаның қоғамдағы өз орынын анықтайтын әртүрлі мазмұндағы қарым- қатынасты қалыптастырады.Жаз айында балаға оқу жылының барындағыдау міндеттер мен нормалар , тапсырмалар жүктеліп, шектеулер мен тыйымдар салынып, ауры жүк артылмауы керек.Осындай мақсатта оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға демеушілікті тарту екендігін атап өтті.Мектеп жанындағы жазғы демалыс «Солнышка» лагерінде оқушылардың демалысын ұйымдастыруға қатысуға ұсыныс ұсынылды.

Үшінші мәселе бойынша мектеп оқушыларының бірыңғай формаға ауысуы мектепте қалыптасқан.Ұлдарға трикотаж жилет, классикалық үлгіде қара көк түсті шалбар,ақ жейде.Қыздарға:қара көк түсті жилет,қара көк түсті юбка және ақ блузка. Матасы жартылай жүн және мақта матадан тігілген,бала денсаулығына еш зияны жоқ юбка және шалбар ұзындығы мектеп формасының үлгісіне сай тігілген .Алдағы уақытта мектепке жаңадан келген оқушы немесе 1 сынып оқушыларының ата- аналарына мектеп формасының үлгісі таныстырылып, қосымша қамтылатынын ескеру керек.

Қаулы:

1. «Қамқоршылық» кеңесінің жыл бойы жүргізілген жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

2.Оқушылардың жазғы демалыс кезінде демалысын ұйымдастыру жұмыстары жандандырылып, жұмыстар жүргізілсін.

3.Мектеп формасына қойылатын талап қадағаланып, жұмыстар жүргізу сынып жетекшілеріне жүктелсін.

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы :                        Габдуллин М. А.

Хатшысы:                                                            Сулейменова Г.К.

_________________________________________________________________________________

Тақырыбы: «Ұлы Жеңіс ұрпағымыз»


Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.
Құрметті бүгінгі кешке жиналған қонақтар, ардагерлер, ұстаздар мен оқушылар,

Ұлы жеңіске сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн   - деп,

Қадір Мырза Әлі жырлағандай Ұлы жеңістің 72 жылдығына арналған  «Ұлы Жеңіс ұрпағымыз»  атты кездесуімізді ашуға рұқсат етіңіздер. Ұлы Отан соғысы жыл өткен сайын тарих қойнауына тереңдеп, бізден алыстап барады. Ардагерлер қатары азайып, фашистерге қарсы кескілескен күресте ерліктің үлгісін көрсетіп, Отанымызды қорғаған майдангерлер арамызда сиреп қалды. 1418 күн  мен түн  бойы барша халық-  жауынгерлер майданда,  жас өспірімдер заводтта , партизандар жау тылында , ауылдықтар майданнан алыстағы тылда Жеңіс үшін күресті. Ұлы Жеңісті жақындатуға әрбір адам қолдан келгенінше , көп жағдайда бар күшін сарқа үлес қосты. Біз  аталарымыз мен әкелеріміздің ерліктерін ұмытпай,  одан әрі немерелеріміз бен шөберелерімізге жеткізуіміз  керек.  Жадымызда  жатталған бабалар ерлігі бізге жер бетінде бейбітшілікті сақтап, балаларымызды тәуелсіз Қазақстанның патриоттары етіп тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Осы сұрапыл соғыста  біздің аталарымыз бен ағаларымыз да өз үлестерін қосты.

                                         Айтмағанбетов Қапан


                               
 

       Айтмағанбетов Қапан 1902 жылы туған, қазақ, Рузай ауданы, 1941 жылы әскерге шақырылды. 1945жылы Рузаев Аудандық әскери комесариатта есепке алынды. Әскери қызметі: Ұлы Отан соғысына қатысушысы, мотоатқыш батальоны, атқыш. Қатардағы жауынгер: Наградалары: Мерейтойлық медальдар. 18.10.1983 жылы қайтыс болды. Қазақстанға 15 жыл ауылында жерленді.
______________________________________________________________________

                                     Жармұхамбетов Шахман


                                


       Жармұхамбетов Шахман 05.01.1920 жылы Айыртау ауданында Жаманшұбар ауылында туған. 1941 жылы әскерге шақырылған. Әскери қызметі: Батыс Майданы, 202 Атқыштар дивизиясы, 666 Атқыштар полкі, атқыш. Қатардағы жауынгер. Жараланған. Наградалары: мерейтойлық медальдар. 25.10.2008 жылы қайтыс болған. Қазақстанға 15 жыл ауылында жерленген.
______________________________________________________________________

 

Рамазанов Фазыл


                                 

       Рамазанов Фазыл 1907 жылы туған, қазақ, Жаманшұбар селосы. 1941 жылы шақырылды. 1945 жылы Рузаев Аудандық әскери коммисариатта есепке тұрған. Әскери қызметі: 12-артилерия полк, взвод командирі. Аға лейтенат. Наградалары: Қызыл жұлдыз ордені, «Германияны жеңгені үшін» медаль, мерейтойлық медальдар. 24.11.1982 жылы қайтыс болды. Қазақстанға 15 жыл ауылында жерленген.

______________________________________________________________________

 

Жолдасов Мырзахмет

   
 

       Жолдасов Мырзахмет 1905 жылы Жаманшұбар ауылында туған, қазақ. 1944 жылы әскерге шақырылған, 1945жылы Рузаев Аудандық әскери коммисариатта есепке тұрған. Әскери қызметі: Ұлы Отан соғысына қатысушысы, минометші. Қатардағы жауынгер. Екі рет жараланған. Наградалары: мерейтойлық медальдар. 11.12.1990 жылы қайтыс болды. Қазақстанға 15 жыл ауылында жерленген.

______________________________________________________________________
 

Нысанбаев Пазыл

                            
 

       Нысанбаев Пазыл, 1905 жылы туған, қазақ. 24.06.1941 жылы шақырылып, 1944 жылы жарақаттануына байланысты Рузаев Аудандық әскери комесариядта есепке тұрған. Әскери қызметі: Ұлы Отан соғысына қатысушысы, жаяу әскер. Қатардағы жауынгер. Жараланған. Ұлы Отан соғысының мүгедегі. Наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы дәрежелі ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалдары, мерейтойлық медальдар 07.09.1982 жылы қайтыс болды. Қазақстанға 15 жыл ауылында жерленген.
______________________________________________________________________

 

Сүлейменов Қазыбай
 

                           

       Сүлейменов Қазыбай 1914жылы туған қазақ, Әскери қызметі: 12 Атқыштар полкі, атқыш. Қатардағы жауынгер. Жараланған. Наградалары: мерейтойлық медальдар. 15.08.1992 жылы қайтыс болды. Қазақстанға 15 жыл ауылында жерленген.
______________________________________________________________________

 

Мукашев Көкеш


                          

       Көкеш 01.01.1924 жылы туған, қазақ, 1942 жылы соғысқа аттанды. 183 атқыштар полкы, курсант болды. Желтоқсан айына дейін. 224 атқыштар полкы 1942 жылының желтоқсан айынан 1943 жылдың шілде айына дейін соғысты. 1943 жылдың шілдесінде жараланып 1 жыл 1944 жылдың маусымына дейін № 442 әскери госпитальда жатты. 1944 жылдан – 1945 жылға дейін әскери санитарлық поезында жаралы әскерлерді тасыды. Елге 1945 жылдың қыркүйек айында келді. Брянск қаласын азат етуде қатысқан. 1988 жылы қайтыс болды. Қазақстанға 15 жыл ауылында жерленген.

Дәл осынау жарқыраған жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай жылы
Әрқашанда басын иіп бір минут,
Еске алайық сол бір апат қайғыны.

Орнымыздан тұрып соғыстан оралмаған боздақтарды 1 минут еске алайық.

Оқушылардың тақпақтары:

Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан - жақтан,
Осылай соғыс басталды.

Майдан далаларында қаза тапқан батырларды ұмытпау, қазір арамызда жүрген ардагерлерді барынша құрметтеп, жәрдемдесу – біздің қасиетті борышымыз.

Біз Отан қорғаушылар алдында мәңгілік борыштармыз.

Елім деп соққан жүрегі,
Іске ассын көптің тілегі,
Достық пен бейбітшіліктің,
Қазақтың елі тірегі- дей келе бүгінгі ардагерлерді еске алуымызды осымен аяқтаймыз. Аспанымыз ашық, елімізде тыныштық болсын!

 

Блог директора

Послание Президента

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц6
  • За неделю1
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки