5 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ескертпелер
5 сынып оқушыларының ата-аналарынан «Бастауыш мектепте жақсы, тіпті үздік оқаған баламның орта буынға барғанда неліктен оқу үлгерімі төмендеді?» деген сұрақты өкінішке орай жиі естиміз. Ал үшінші тоқсанда оқу үлгерімі мүлдем төмендейді ме?
Неге олай болатынын талдап көрелік.
Үшінші тоқсан – үздіксіз 2,5 ай оқитын ай. Олимпиада, тестік бақылаулар, ауа-райының құбылмалы болуынан балалардың далаға шықпай үйде отыратын кезі. Сондықтан мектептегі үлгерімі нашарлап, ауру-сырқаудың көбеюі таңқалдырмайды. Дәрігерлер мен педагогтар мұны үшінші тоқсан синдромы деп атайды. Шындығында ондай синдром болмаса да, бұл синдромды қызметін жаңа бастап жатқан жас педиатрлар да біледі. Белгілері:
Бұл жағдай немен түсіндіріледі?
5 сыныпта 4 сыныпқа қарағанда сабақ жүктемесі ауыр, оның үстіне бала орта буынға үйрену барысында қандай да бір эмоционалдық күйзелісті бастан кешіреді. Осының бәрі екінші жартыжылдықта баланың сабағынан, денсаулығынан байқалатын болады. Бала ағзасының гормондарының өзгеруінен де ми қабығында қозу жылдам жүреді де, ал тоқтау үдерісі баяу жүреді. Бұл баланың іс-әрекетінен байқалады. Мұндай күйде балаға назарын сабаққа аудару, зейінін бір нәрсеге ұзаққа шоғырландыру қиынға түседі.
Оқушының өтпелі кезеңінде оны сабақ пен бағадан гөрі құрдастарымен қарым-қатынасы көп алаңдататынын ұмытпаған жөн. Бала танымдық қызығушылығын ғаламтор мне достарының арасынан іздейді.
Сондықтан 5сыныпта оқу үлгерімінің төмендеуі кең тараған заңды құбылыс.
Не істеу керек?
Физиологтар мен психологтар баланың сабаққа қызығушылығын оятатын іс-шараларды анықтап, оның мөлшерін анықтап көрсетті.
Мектеп жүктемесінің тигізер көмегі: